Атақты Голливуд актері Том Хэнкс рок-н-ролл королі Элвис Преслиге арналған фильмге қатысу үшін талап етілген жаңа «шаш үлгісін» көрсетті. Танымал шоу жүргізушісі Грэм Нортонмен жүргізілген видео сұхбат кезінде Хэнкс шаштың таз жерін көрсетті.
«Меніңше, дәл қазір, бірнеше балаларды қорқыттып алдым. Кешірім сұраймын, - деді ол әзіл-қалжыңмен. - Егер менің басымда сәл көбірек шаш болсғанды, және сақалым болғанда, Грэм Нортоннан аумай қалар едім». Қалжыңға қалжың ретінде, жүргізуші актерге өзінің өмірбаяндық фильм жобасында ойнауын ұсынды.
💖 0 |
👀 295 |
📆 2021-01-03 16:37:55