Жаңалықтар | «Ghostbusters» режиссері жаңа сиквелді көргенде қуаныштан жылап жіберді.
«Ghostbusters» режиссері жаңа сиквелді көргенде қуаныштан жылап жіберді.
Бастапқы «Ghostbusters» дилогиясының режиссері Айван Райтман ұлы Джейсон Райтман режиссерлік еткен жаңа сиквелді көргенде қуаныштан жылап жіберді. Бұл туралы «Ghostbusters: Afterlife» фильмінің режиссері Empire-ға берген сұхбатында айтты.
![]()
«Менің әкем коронавирустан сақтану мақсатында үйден мүлде шықпады» дейді Райтман. - Бірақ студия басшылығымен фильмді көру үшін тест тапсырып, маска киіп, Sony студиясына барды. Фильмнен соң көзіне жас алып: «Мен сенің әкең болғаныма мақтанамын» деді. Мен үшін бұл сәт - өмірімдегі ең керемет сәттердің бірі».
Сиквел «Ghostbusters 2» оқиғасына 30 жыл өткеннен кейін қойылған. Сюжетте жалғызбасты ана екі жасөспірім баласымен, өзі білмейтін әкесінен қалған Оклахомадағы ескі фермада қоныстанды. Балалар аталары туралы көбірек білуге тырысады, салдарынан кенеттен елес бұзушылар мұрасын ашады.
Райтманның айтуынша, «Ұрпақтар» фильмінде ол шынымен де қорқынышты, тіпті Стивен Спилбергті қорқытатын фильм түсіруге тырысқан.
«Бірінші фильм өте күлкілі болғанына қарамастан, мені қатты қорқытты және мен бұл интонацияны қайта жасайға тырыстым», - деді режиссер. - Бұл менің алғашқы көрген қорқынышты фильммім. Бірде мен Директорлар кеңесінің отырысында болдым, кездейсоқ Стивен Спилбергтің қасында отырдым. Мен оған Ghostbusters-пен жұмыс істейтінімді айтқанымда, ол кенеттен: «Жындыханадағы көрініс ең қорқынышты көріністердің алғашқы ондығына кіреді», - деп айтты. Солай».
«Ghostbusters: Afterlife» премьерасы 2021 жылы 9 маусымда өтеді.
💖 1 |
👀 636 |
📆 2021-01-19 07:48:13