Адам Сэндлер
Adam Sandler
Толық аты: Адам Ричард Сэндлер
Мансабы: Актер, Продюсер, Сценариші
Бойы: 1.77 м
Туған күні: 9 қыркүйек 1966
Туылған жері: АҚШ, Бруклин, Нью-Йорк
Жанры: комедия, мелодрама, драма
Жары: Джеки Сэндлер
Баласы: 2 бала
Бастаған жылы: 1972 ж
Толық мәлімет:
Адам Ричард Сэндлер (ағылш. Adam Richard Sandler; 9 қыркүйек 1966 жыл, Нью-Йорк) – америка актері, ән әрлеуші, сценариші, кино продюссер. Saturday Night Live бағдарламасынан кейін кеңінен танылып, Голливудтағы бірнеше кассалық киноларға: «Билли Мэдисон» (1995), «Жолы болғыш Гилмор» (1996), «Үлкен әке» (1999) және бірқатар романтикалық фильмдерге де түскен: «Тойдағы әнші» (1998), «Аяқтан шалар махаббат» (2002), «Испандық ағылшын» (2004), «Босаған қала» (2007), «Зоханмен әзілдемеңдер» (2008), «Клик: Құрылғымен басқарылатын өмір», «Еріксіз Миллионер», «50 мәрте танысу», «Менің әйелім болып көрінші» (2011).
Қазіргі таңда үлкен сұранысқа ие актерлердің бірі.
Өмірбаяны: Нью-Йорк қаласында, Бруклинде туған. Адам Сэндлердің арғы-атасы Украинадан шыққан. Әке мен шешесі — бастауыш сыныптардың мұғалімі Джуди және инженер-электрик Стэнли.
Жеке өмірі: 2003 жылы Адам Сэндлер Джеки Титоун атты модель және актрисаға үйленеді. 2006 жылы олардың Сэди Мадисон атты қыздары дүниеге келеді. Ал 2008 жылы Санни Мэделин атты екініші қыздары туылады.