Жуырда

Тіркелушілер

Aika
Lyazzat
Qanat
Dana
Aisuluu
Dinislam
Aryn
Dinmuhammed
Baibol
Nurtas
Damir
RINAT
Duks
Seter
Ali
Azamat
Bakdaulet
Bauyrzhan
Aidosuly
Akerke
Alimbekserikbai
Gulzy
ShakarimYerbol
Kudaybergen

Қайырымдылық

Жарнама

Таза қолдың халал шұжығы

Басты бет / Джеки Чан (Jeckie Chan)

Джеки Чан (Jeckie Chan) - кино көр

Джеки Чан (Jeckie Chan
) Туған кездегі есімі: Фан Син Лун (Чан Кон Сан)
Мансабы: Актер, Продюсер, Сценариші, Оператор, Суретші.
Бойы: 1,74 м
Туған күні: 7 сәуір 1954
Туылған жері: Ганконг
Азаматтығы: Гонконг, Қытай, АҚШ
Бағыты: Жауынгерлік өнер туралы фильм
Жанры: күлкілі, төбелес, драма
Жары: Лиц Фенцзяо
Баласы: 1 бала (қыз)
Бәрлық кинолар саңы: 280
Бастаған жылы: 1962ж


Толық мәлімет:

Джеки Чан (қыт. 成龍, Чэн Лун; туғандағы аты қыт. 陳港生, Чэнь Ганшэн (Гонконгта туған Чэнь); ағылш. Jackie Chan; т. 7 сәуір 1954, Гонконг, Қытай) - атақты қытайлық және америкалық актер, каскадёр, кинорежиссёр, продюсер, сценариші, трюктер мен шайқас көріністерін қоюшы, әнші, филантроп, ЮНИСЕФ елшісі. Джеки Чан 1954 жылы 7 сәуірде Гонконг қаласында кедей отбасында дүниеге келген. Оның шын есімі Конг-Санг Чан, Гонконгтан шыққан деген мағынаны білдіреді. Ата-анасы тақыр кедей болғандықтан, болашақ әртіс бала күнінде аштықты талай бастан кешкен. Кейін ата-анасына жұмыс табылып, Австралияға қоныс аударғанда, 6 жасар Джеки отанында қалып, Қытай жабық драмалық академиясына оқуға қабылданады. Ол кезде академия оқушылардың ата-анасымен шарт жасасып, егер бала әлдеқалай жарақат алып немесе қайтыс болып кеткен жағдайда оқу орны жауап бермейтінін мәлімдейді екен. Сөйтіп, тағдыр тәлкегіне қалған ол академиядағы нағыз қатаң тәртіптің тезіне түсіп, таңғы 5-тен тұрып, 16-17 сағат бойына созылатын тынымсыз жаттығулардың шыңдалуынан өтеді. 1971 жылы академияны бітіріп, кинодағы жолын каскадерліктен бастаған қайтпас қайсар Джеки Чан актерлік өмірде де небір аса қауіпті трюктерді өзі орындап, басын талай қатерге тіккен. Екі омыртқасын, мұрнын, аяғы мен қолын да талай сындырып, кеңірдегін жаралап, көзінен де айырылып қала жаздаған. Тіпті бас сүйегін де сындырып, өлімнен қалғанын жұрт біле бермейді. Сонымен қатар Джеки Чан әнші, көптеген киноларындағы әндерді өзі орындаған, 80 жылдардан бастап қазіргі күнге дейін 20 альбомды әндер жинағын шығарған. Бірақ, қалың жұрт Джеки Чанды әнші ретінде емес, әртіс ретінде таниды. 100-ден астам фильмдерде басты рөлдерді сомдаған. Ең алғашқы түскен киносы «Мәңгілік махаббат», «Жас жолбарыс». Осы актерлік өнердің, ерен еңбектің арқасында Джеки Чан әлемдегі ең бай адам атанып және көптеген табыстарға қол жеткізіп отыр. Ол мұқтаж адамдарға көмек беруден аянбайды, ЮНИСЕФ және Гонконг қаласындағы балалар үйіне 4,14 млн доллар өткізген.

👀 2897 | 📆 2019-09-09
Пікір қалдыруды тек тіркелген қолданушылар ғана қолдана алады.