ҒАЖАЙЫП ДӘРІГЕР
Жан
Жұқпалы
Алға
Харри Поттер және пәлсапа тас
Алғашқылар дәуірі
Ойыншықтар хикаясы 4
Қиял алқабы

Жуырда

Тіркелушілер

Aksunkar
Medet
Saule
Eraly
Baha
Aibolat
hurmanali
Znds
Yeldos
Gulsim
Draco
arxen
Dinara
Erko
Zhazira
Aruzhan
Aaa
Kairat
Ainur
Aidyn
Gaziz
saibot
Erdaulet
Karakat

Қайырымдылық

Жарнама

Жаңалықтар | Леонардо Ди Каприо Бразилия президентінің өзін айыптауына жауап қайтарды

Леонардо Ди Каприо Бразилия президентінің өзін айыптауына жауап қайтарды

Леонардо Ди Каприо атақты Голливуд актері жергілікті тропикалық орман өртеушілерді қолдайды деп мәлімдеген Бразилия президентінің шағымдарына жауап қайтарды. Оның жауабы Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланды.


«Амазонка үшін дағдарыс кезеңінде табиғи және мәдени мұраларын сақтау үшін жұмыс істеп журген Бразилия халқын өзім өте қатты сыйлаймын. Олар таңғажайып қоршаған ортаны сақтауға қажетті ынтаның және құмарлықтың үлгісі. Бұл алмастырылмайтын экожүйелердің болашағының куәсі. Мен оларды қорғайтын топтарды қолдаймын, олар көмекке мұқтаж болса да, біз аталған ұйымдарды қаржыландырған жоқпыз.Мен Бразилияның жергілікті тұрғындарын, жергілікті билік органдарын қолдауға дайынмын. Мен барлық бразилиялықтардың болашағы үшін Амазонканың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тынымсыз бірге жұмыс істейтін Бразилияның байырғы қауымдастықтарын, жергілікті билік органдарын, академиктерді, оқытушыларды және жалпы жұртшылықты қолдауға дайынмын», - деді Ди Каприо.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы актердің қайырымдылық қоры джунглиді әдейі өртегендерге қолдау көрсетеді деп мәлімдеген болатын. Дегенмен Бразилия басшысы өз көзқарасы үшін ешқандай дәлел келтірмеді.


💖 0 | 👀 65 | 📆 2020-05-05 15:22:57
Пікір қалдыруды тек тіркелген қолданушылар ғана қолдана алады.