ҒАЖАЙЫП ДӘРІГЕР
Жан
Жұқпалы
Алға
Харри Поттер және пәлсапа тас
Алғашқылар дәуірі
Ойыншықтар хикаясы 4
Қиял алқабы

Жуырда

Тіркелушілер

Aksunkar
Medet
Saule
Eraly
Baha
Aibolat
hurmanali
Znds
Yeldos
Gulsim
Draco
arxen
Dinara
Erko
Zhazira
Aruzhan
Aaa
Kairat
Ainur
Aidyn
Gaziz
saibot
Erdaulet
Karakat

Қайырымдылық

Жарнама

Жаңалықтар | Қытайлық қолданушылар DC Comics-ті Гонконгтағы наразылық митингтерін қолдады деп айыптайды

Қытайлық қолданушылар DC Comics-ті Гонконгтағы наразылық митингтерін қолдады деп айыптайды

DC Comics баспасы Бэтменнң жаңа постерін әлеуметтік желілердегі аккаунттарынан алып тастауға мәжбүр болды. Оған себеп: қытайлық қолданушылар постер Гонконгтағы демократиялық наразылық митингтерін үгіттейді деп айыптаған болатын.


Фрэнк Миллер мен Рафаэль Грампаның «Қараңғы рыцарь: оралуы: алтын бала» комикстерінің плакаттарында Бэтмен теглайн желісінде “Болашақ жастар қолында” фонында “Молотов коктейлімен” бірге бейнеленген. Кейбіреулер плакатты демократиялық наразылық білдірушілерді плакаттардың жасырын қолдауы деп санады. Олардың пікірінше, “Молотов коктейлі“ жас протестанттардың әдістеріне, Бэтменнің қара костюмі олардың киіміне қатысты, ал «Алтын бала» субтитрі сарыға боялған - бес жыл бұрынғы наразылықтың нышаны.

«Түпкі ниет қандай болмасын, мұндай суретті қазіргі ушыққан жағдайда салу - өлімді аңсаумен тең», - дейді бір түсініктемеде. DC Comics өкілдері жағдайға түсінік берген жоқ. Постерді алып тастағанына қарамастан, қазір Қытайда DC Comics баспасының Instagram мен Twitter-і блокталған. Әрине, Warner Bros үшін Қытай өте маңызды. Себебі ол оның әлемдегі екінші үлкен кино нарығы. Оған дәлел; өткен жылы Акваман Таяу Патшалықта алғашқы демалыс күндері 93,6 миллион доллар жинады, осылайша студия үшін жаңа рекорд орнатты. DC жоспарындағы келесі көрініс «Жыртқыш құстар» болады. Фильм ересектерге арналған «R» рейтингісіне ие болады, ал оны Қытай цензуралары әдетте скептицизммен қарсы алады. Сондықтан, компанияның қазірден бастап Қытайға ыңғайланып әрекет жасауы негізделген.


💖 0 | 👀 86 | 📆 2020-05-05 15:21:06
Пікір қалдыруды тек тіркелген қолданушылар ғана қолдана алады.