Тіркелушілер 154

Daryn
Nurik
Ibrashov
Aktoti
Bahyt
Ersin
Zhalqas
Shingisxan
Erdaulet
Bake
arman
ahjol
Tanirbergen
WeWeN
Ersain
Haidar
Darkhan
Zhuldyz
Byegarys
Imangali
Nazly
Anar
Samgar
Bauyrzhan

Қайырымдылық

Жарнама

Жаңалықтар

Грэм Нортонның бағдарламасын жазу кезінде Пол Радд Леонардо Ди Каприоның Титаникте ойнауға итермлегенін еске түсірді. 90-шы жылдардың соңында Ди Каприоға Джеймс Кэмеронның фильмінде басты рөлді сомдауға ұсыныс түскенде, олар Баз Лурманның «Ромео Джульетта» картинасында бірге жұмыс істеп журген. Раддтың айтуынша, бұл «Ромео Джульеттаның» түсірілімі аяқталған кезде болған. Басқа актерлермен бірге барға барар жолда, Ди Каприо оған үлкен фильмде - «Титаникте» рөл ұсынылғанын айтты. Алайда, Ди Каприо бірден келіспеген. Тәуелсіз кескіндемеден кейін ірі студиялық жобаны жүзеге асыру қолынан келетініне күмәнданған екен.
💖 0 | 👀 5 | 📆 2019-10-18 22:55:06
Британдық GQ-ге берген сұхбатында Элтон Джон «Арыстан патшасының» жаңа нұсқасы ұнамағанын айтты. Әншінің айтуынша, римейкты жасаушылар музыканы өзгерткендіктен, ол көрерменге өзі қалдыра алатын жоғары деңгейдегі әсерін қалдыра алмады. Джон былай дейді: «Арыстан патшасының» жаңа нұсқасы менің көңілімді қатты қалдырды. -Түпнұсқаның маңызды құрамдас бөлігі музыка еді, ал заманауи фильмдегі музыка ондай күшке ие емес. Сиқырлығы мен қуанышын жоғалтқан».
💖 0 | 👀 18 | 📆 2019-10-17 12:51:29
Марвел студия жетекшісі Кевин Фейгидің өкілеттіктері едәуір кеңейді. Дедлайнның хабарлауынша, бұдан былай ол комикстерге негізделген көркем фильмдердің шығарылуын ғана емес, сонымен бірге барлық контентті, соның ішінде теледидарлық жобалар мен баспа басылымдарын басқарады. Файгидің барлық лауазымына тағы біреуі қосылады - Бас шығармашылық директор, бұл оған Marvel TV және Marvel Family Entertainment сияқты тиісті Marvel бөлімшелерінің барлық басшыларының қайта бағынатынын білдіреді.
💖 0 | 👀 10 | 📆 2019-10-16 09:10:57
2019 жыл Дисней үшін өте сәтті болмақ. Марвелдың фильмдері студияларды 7 миллиард долларлық көрсеткіштен асырды және одан қалса алда әлі «Жұлдызды соғыстардың» тоғызыншы эпизоды мен «Мұзды өлке 2» келе жатыр. Анимациялық хиттің жалғасы жанкүйерлерді жаңа әндермен, көптеген таңғажайып тіршілік иелері мен қызықты оқиғаларымен қуантпақшы.
💖 2 | 👀 35 | 📆 2019-10-15 13:36:12
Басты рөлді Голливудтың танымал актері кіші Роберт Дауни ойнаған «Дәрігер Долиттлдің ғажайып саяхаты» атты фильмнің алғашқы трейлерін ұсынады.
💖 0 | 👀 47 | 📆 2019-10-14 07:59:35
Флорида тұрғыны, Золтан Криско, авторлық құқықты бұзғаны үшін Marvel, Buena Vista Television, Amazon, Apple және Haim Saban-ды сотқа берді. Ол марқұм композитор Дeрдя Вуканның өкілі ретінде 1990 жылдардағы «Икс Адам» анимациялық хикаясының негізгі әуендік тақырыбы 1980 жылдары жарық көрген Венгриялық «Линда» хикаясынан көшірілді деп шағымданды. Талап қоюшы сотта: «”Линда” Венгрияда кеңінен танылған. Бүкіл ел хикаяны әйгілі саундтректің арқасында біледі»- дейді.
💖 1 | 👀 25 | 📆 2019-10-13 15:13:56
Диснейдің жоспарларымен таныс дереккөздің айтуы бойынша, Дисней Марвелдің Өрмекші-адамға және оған қатысты кейіпкерлерге құқықтарын қайтару жолдарын қарастыруда. Инсайдерлік ақпарат бойынша, Дисней Сониға супер қаһарман үшін 4-тен 5 миллиард долларға дейінгі төлемақыны ұсынуға дайын.
💖 2 | 👀 40 | 📆 2019-10-12 13:02:25
«Алға» мультфильмінің режиссерлері, сценаристері және аниматорлары әдеттегі қиял әлемінің керісінше, күнделікті жағын көрсетуге бел буды. Батырлар, құбыжықтар мен үлкен жетістіктер күндері енді жоқ. Оның орнына қазір қымбат кофе, ұшақтар және жеке жаттықтырушылар бар. Бірақ тек Эльфтер, Перілер және жабайы жалғыз мүйізділермен. Ал сиқыр болса, шынайы әлемде қалып қойды. Ең бастысы- оны қайдан іздеу керегін білу.
💖 3 | 👀 75 | 📆 2019-10-11 15:49:42
Яхия Абдул-Матин II матрицаның фантастикалық франшизасының жаңа бөліміне іріктелді. Актер негізгі рөлді Киану Ривз және Кэри-Энн Мосспен бірге ойнайды, ал олар өз кейіпкерлері - Нео және Тринитиді сомдайды.
💖 0 | 👀 45 | 📆 2019-10-10 10:16:31
Жұлдызды соғыстың жаңа трилогиясының басты кейіпкерлерінің бірі Кайло Реннің серілеріне тоғызыншы эпизодта ерекше көңіл бөлінеді, дегенмен олардың не түрі, не аты-жөні көрсетілмейді. Дәл осылай Screen Rant өз сілтемесінде былай деп жазады: көрермендер үшін бұл серілердің түрі ғана емес, жынысы мен жасы да құпия болып қала береді.
💖 0 | 👀 28 | 📆 2019-10-09 16:32:38