Малефисента

Түпнұсқа атауы: Maleficent
Жылы: 2014
Елі: АҚШ
Ұраны: «Ертегіге сенбеңіздер»
Режиссері: Роберт Стромберг
Басты рөлдерде: Анджелина Джоли, Eл Фаннинг, Шарлто Копли, Сэм Райли, Изобел Моллой, Лесли Мэнвилл, Имелда Стонтон, Джуно Темпл, Брентон Туэйтс, Кеннет Крэнэм
Сценариі: Линда Вулвертон, Шарл Перро, Милт Банта
Продюсері: Джо Рот, Сара Брэдшоу, Дон Хан
Композиторы: Джеймс Нютон Ховард
Суретшісі: Дилан Коул, Гари Фриман, Дэвид Оллдей,
Монтажы: Крис Лебензон, Ричард Пирсон
Операторы: Дин Семлер
Жанры: қияли, отбасылық, мелодрама, оқиғалы,
Ұзақтығы: 97 минут
Жас шектеулігі: 12+ жастан жоғарғы көрермендерге ұсынылады

Сипаттамасы:
Жас сиқыршы Малефисента ертегі әлемінің жануарлары тұратын ғажайып орманда өмір сүріп жатты, бірақ бір күні бәрі өзгерді... Орманға Стефан атты жас бала келіп, жас сиқыршымен танысты, олар кейде кездесетін болып шешеді де және көп жылдардан соң ғана бір-біріне деген махаббаттарын мойындайды. Есейген Малефисента сиқырлы орманның қорғаушысы болады, бұл уақытта адамдар патшалығының патшасы өзінің әскерімен орманды жаулап алмақ болады, бірақ жеңіліп қалып, өзі қатты жараланады, кімде-кім Малефисентаны өлтірсе соны билікке мұрагері қылатының жариялайды. Мұны пайдаланбақшы болған Стефан, келесі кездесуде Малефисентаны ұйықтатып қойып, қанатын кесіп әкетіп, сиқыршыны өлтіргенің хабарлайды. Стефан таққа отырады, соңынан үйленіп, қызы дүниеге келеді. Бұл уақытта Малефисентаның жаның зұлымдық кернейді, ол адамдармен қарсы күресе жүріп, патшаның жаңа туылған қызына қорқынышты дуа салып қояды. Егер де ұршыққа шаншылса, сұлу Аврора 16 жасқа толған күні мәңгілік ұйқыға кететін болады. Ашуға толған патша сарайдағы барлық ұршықтарды жағуға бұйрық береді, Ал Аврораны орманға үш сиқыршының тәрбиесіне жібереді. Бірақ сұлу Аврора өскен сайын, Малефисента өз ісінің дұрыстығына күмәндана бастайды.

Толық нұсқа
Қысқаша нұсқа