Кек алушылар: Алтрон дәуірі

Түпнұсқа атауы: Avengers: Age of Ultron
Жылы: 2015
Елі: АҚШ
Ұраны: «Жаңа ғасыр басталады»
Режиссері: Джосс Уидон
Басты рөлдерде: кіші Роберт Дауни, Крис Хемсворт, Крис Эванс, Скарлетт Йоханссон, Марк Руффало, Джереми Реннер, Аарон Тейлор-Джонсон, Элизабет Олсен, Джеймс Спэйдер, Сэмюэл Л. Джексон
Сценариі: Джек Керби, Джосс Уидон, Стэн Ли
Продюсері: Кевин Файги, Виктория Алонсо, Митчелл Белл
Операторы: Бен Дэвис
Композиторы: Дэнни Элфман, Брайан Тайлер
Суретшісі: Чарлыз Вуд, Джулиан Эшби, Томас Браун
Монтажы: Джеффри Форд, Лиза Лэссек
Жанры: қиял, төбелес, оқиғалы
Ұзақтығы: 141 минут
Жас шектеулігі: 12+ жастан жоғарғы көрермендерге ұсынылады

Cипаттамасы: Шығыс-еуропалық Соковия мемлекетінде Кек алушылар – Тони Старк, Стив Роджерс, Тор, Брюс Беннер, Наташа Романофф және Клинт Бартон – бұрын Локиге тиесілі болған асатаяқты қолданып, адамдарға тәжірибе жасайтын Барон Волфганг фон Страккер иеленетін Гидра мұнарасына шабуыл жасайды. Олар Страккердің екі тәжірибесін кездестіреді – егіз Максимоффтар: суперадамдық күші бар желаяқ Пиетро және миды арбайтын және энергиялық жарылыс жасай алатын Ванда. Старк, Локидің асатаяғына қолжеткізген кезде, олар Страккерді қорғауда болады. Старк пен Беннер асатаяқтың асылтасындағы жасанды интеллектті ашады да оны Старктің "Алтрон" жаһандық қорғаныс бағдарламасын толықтыру үшін құпиялы қолданады. Кенет тірі Алтрон, Жерді сақтау үшін адамзатты қыру керек деп түсініп, Старктің А.И.Дж.А.Р.В.И.С. жойып, Кек алушыларды штаб-пәтерде жеңіс кешінде шабуылдайды. Асатаяқпен қашып кетіп, Алтрон Страккердің Соковиядағы базасындағы ресурстарды өзінің қарапайым денесін жетілдіріп, роботтордан құралған әскер құру үшін қолданады. Әке-шешелерінің өліміне Старкті кінәлайтын Максимоффтарды Алтрон өзіне қаратады да, солармен бірге вибраниум алу үшін оңтүстікафрикалық қару делдалы Улисес Клоға барады. Кек алушылар олармен шайқасады, бірақ Ванда олардың саналарын арбап, Халктің жының шығарып жібереді. Старкке оны тоқтату үшін өзіңің мықты "Вероника" жарағын қолдануға тура келеді. Адамзатқа тағы қауіп төнеді. Бұл жолы Алтрон деген жасанды интеллект Жер бетінен адамдарды жойып жіберуді көздейді.

Толық нұсқа
Қысқаша нұсқа