Басты бет / Мультфильм / Шұлық жегіш ұрылар

Түпнұсқа атауы: Lichozrouti
Жылы: 2016
Елі: Чехия, Словакия, Хорватия
Басты кейіпкерлер: Криштоф Гадек, Ян Максиан, Давид Новотны, Онджей Троян, Марек Тацлик, Татияна Вилгелмова, Йозеф Шомр, Алес Найбрт, Матей Рупперт, Вацлав Коубек
Режиссері: Галина Миклинова
Продюсері: Онджей Троян, Петр Горак, Зузана Мистрикова
Сценариі: Галина Миклинова, Павел Шрут
Сазгері: Мате Матисик, Филип Мисек
Ұзақтығы: 83 минут

Санаты: Қиял ғажайып

Жас шектеулігі: 6+ жасқа толған балаларға көрсетуге рұқсат берiледі

Сипаттамасы:

Мүмкін сіздің шұлығыңыз кеше немесе дәл осы минутта жоғалып кеткен шығар. Кім кінәлі? Оған тек біреу ғана кінәлі олар шұлықты бір жұптан жейтін жұмбақ және ешкім елемейтін тіршілік иелері.
Бірде шұлық дүкеніне шұлық жегіштер ұрлыққа түседі.
Сойқамбек шұлық жегіштердің ережелерін бұзып шұлыққа құңығып екі сынардан ұрлайды. Оған ашуланған бастығы бас салған кезде дүкен дабылы қосылып, сол сәтте полиция келіп қалады да, жанжаққа қашып кетеді.
Содан бастап Сойқамбек Үлкен бастығына қарсы шығып өзі ереже құрады, ол екі сынардан шұлықтарды ұралауды көздейді.
Шұлық жегіштердің бір қасиеті бар еді адамдар көзіне көрінбейтін. Бірақ адамға ұқсамайтын өзгеше бір адам, ол жоғалған шұлықтардың маманы әрі профессоры сол ғана көре алатын. Ол барлық өмірін шұлық жегіштерді зерттеумен келеді, шұлық жегіштердің бар екенің дәлелдеумен әлек және дәлелдеп әлемге танымал профессор болғысы келеді.
Хуго есімді шұлық жегіш балақай атасы өлер алдыңда өзеннің арғы бетінде сенің аған бар соны тап, сені қамқорлығына алады деп аманаттайды.

💖 1 | 👀 1134 | 📆 2019-11-22 18:09:31
Пікір қалдыруды тек тіркелген қолданушылар ғана қолдана алады.